top of page

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

    "Сарыкөл жалпы орта білім беретін мектебі" КММ - сі  Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Саркөл ауылының солтүстік бөлігінің Мектеп көшесінде орналасқан. Мектеп ғимараты көлемі - 1374 шаршы метр. 1977 - 1978 оқу жылында "Кеңқияқ" совхозында Саркөл 8 жылдық мектебі ашылып, 1982 жылы қыркүйек айында Саркөл орта мектебіне айналды. "Кеңқияқ" совхозында 1988 жылы жаңа 2 қатарлы ғимарат бой көтеріп, 1989 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Ғимарат - 2 қатарлы, ыңғайластырылған, 300 оқушы оқуға арналған. Алғаш мектеп ашылғанда мектепке тарих пәні мұғалімі Үркімбаев Шәріп басшылық жасады. Сол уақыттардан бері химия пәні мұғалімі Тәжіқоразов Бекболат,  химия пәні мұғалімі Қалкеева Несіпгүл Мағжанқызы, қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Карайдарова Жанар Сералықызы (1994 - 2001 жылдар аралығы), тарих пәні мұғалімі Қабақбаев Баубек Аманғалиұлы (2001 - 2010 жылдар аралығы), физика пәні мұғалімі Қалмағанбетов Нұрлыбек Алданазарович ( 2010 - 2015 жылдар аралығы) басшылық жасады.  2016 жылдан қараша айынан  бастап Карайдарова Жанар Сералықызы мектеп директоры қызметін атқарады. Қазіргі таңда мектепте 42педагог және педагогқа теңестіріліген тұлғалар жұмыс жасайды. Мектебімізде 1 -11 сынып аралығында 202 оқушы, мектеп алды дарлық сыныбында  16 тәрбиеленуші бар. Мектебімізде жаңа модификациялық үлгідегі химия кабинеті, тарих, физика, қазақ тілі , әдебиеті, орыс тілі, әдебиеті, ағылшын, математика, тарих кабинеттері жұмыс жасайды. Кабинеттердің бәрі жаңа үлгідегі интербелсенді тақтамен,  экран - проектормен жабдықталған.  

bottom of page